Кіріспе____________________________ ___________________________________ _____3
Негізгі бөлім
1.Саяси технологиялардың мәні мен типтері (түрлері)__________________________ _4
2.Саяси талдау және саяси кеңес беру_______________________________ __________6
3.Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары______________9
Қорытынды__________________________ ___________________________________ ___13
Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ _________________________14
Кіріспе
Саяси технологиялар проблемасы саяси ғылымда ең аз зерттелген деуге болады.Саяси өмірде теориялық ілімді,қағидаларды білу ғана маңызды емес,сонымен бірге саясат іс жүзінде қалай,қандай әдіс-тәсілдермен,қандай технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатынын білудің де мәні зор.Осыған байланысты кез келген құрылымы күрделі қоғам мен мемлекеттегі нақты саяси процестердің көп қырлылығын атап айтуға болады.Осы көп қырлы процестерді зерттеуде саяси технологиялар маңызды рөл атқарады.
Саяси технологиялар саяси жобалаумен — билік институтының іс жүзіндегі қызметін ұйымдастыру ісімен,оны жорамалдаумен,жоспарлаумен,бағдарла ма жасаумен айналысады. Міне,сондықтан да саяси технологиялардың көмегімен биліктің жаңа мағынасы мен мәнін айқындауға болады.Саяси технологиялар саяси оқиғаларды айқындау проблемасын жаңаша қояды,саяси құбылыстарды реттеу,бақылау жөніндегі мамандандырылған қызмет үшін негіз қалайды.Саяси процестерді түсінудің айрықша ресурсын жасай отырып,саяси технологиялар бұл құбылыстың мәні қайсыбір міндеттерді шешудің қолданылып отырған әдістеріне тікелей байланысты екендігін көрсетіп беріп отыр.Мәселен,жаппай өсек-аяң,жалған ақпарат тарату,белгілі бір парияның өкілдерін телеэфирге шығармау,билік органдарының қалыптасу прцесінің өңін айналдырып,азаматтардың өз өкілдерін ерікті түрде таңдауының орнына бұқаралық ақпарат құралдарының бақылауындағы ерік мүдделерді таңдауға дейін жеткізетіні сөзсіз.
Саяси технологияларды қолданудың негізгі пафосы әр түрлі субьэктілердің өз міндеттерін орындауларын оңтайландыруда екенін айтқан жөн.Саяси технологиялар ресурстарды тарту мен үнемдеуге,мемлекеттің жағдайды тұрақтандыруға,сайлау науқандарын ұйымдастыруға,мемлекеттік бағдарламаларды жасау кезінде мүдделерді ойластыруға қатыса алатын субьектілердің мүдделеріне,функциялары мен мақсаттарына сәйкес көзделген мақсатқа функционалды түрде бағытталады.
Әдетте,саяси технологиялардың қалыптасуының қажеттігі қайталанып отыратын ситуациялар,тіпті стеоретиптік жағдайлар мен іс-әрекеттер орын алған кезде көрініс береді.Мақсатты түрде бағытталған қызметтің әдістері мен процедурасының жиынтығы ретінде көрініс беретін саяси технологиялар мақсатқа жетудің құралын реттеп қана отырмайды,сонымен бірге іс-әрекеттің кезектілігін,саяси субьектілердің мінез-құлқының тиісті алгоритмін жасауды да бекіте түседі.Іс жүзінде саяси технологиялар субьектілер мен обьектілердің өзара қарым-қатынастарының сан түрлі әдістері мен мен механизмдерінен,контрагенттердің өзара іс-әрекетінен сыртқы және ішкі факторлардан қалыптасатынын айтқан жөн .Бұл мәселелерді дұрыс түсіну үшін,ең алдымен саяси технологиялардың мәні мен типтерін анықтау қажет.
«Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі
... технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді. Жаңа педагогикалық технологиялар ... жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Технология – tehne (шеберлік, ө ... Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 таруының 11 ... әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, ... беру мекемелерінің көп түрлігін қамтамасыз ...
1.Саяси технологиялардың мәні мен типтері (түрлері)
Саяси технологиялар-бұл әлеуметтік технологиялардың әр түрлілігі ғана емес, «саяси технологиялар» ұғымы — мақсаттылықтың,бірізділіктің,қажетт і,ойластырылған саяси нәтижелерге негізделген белгілі тиімді іс-әрекеттердің жүйесі екендігі де сөзсіз.
Саяси технологиялардың құрылымы аналитикалық мақсатты жорамалдаудың және одан арғы жерде оның қызметін жекелеген кезеңдерге,сатыларға,операцияларға бөлудің,сондай-ақ балама,тиімді әдістерді,жүзеге асырылатын мақсатқа байланысты олардың құралдары мен қолданылуын іріктеп,таңдап алудың көмегімен жүзеге асырылады.Көптеген жағдайларда осы заманғы саяси ортаның проблемалық алаңы саяси технологияларды талдап жасап,іске асырудың бірқатар кезеңдерінің болуымен анықталады.Олардың қатарына жататындар мыналар:әлеуметтік саяси жағдайлардың диагностикасы мен мониторингі;Нақты саяси технологиялардың көмегімен қол жеткізілетін мақсаттар мен міндеттердің алға қойылуы; алға қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың мүмкін варианттарын салыстырмалы талдау және т.б.
Сонымен саяси технологиялар бірізділікпен қолданылатын процедуралардың,нақты саяси субьектінің мақсаттары мен міндеттерін белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде неғұрлым оңтайлы және тиімді түрде жүзеге асыруға бағытталған қызметнің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын қамтиды деуге болады.Осыған орай тұтас алғанда субьектінің билік саласындағы нақты міндеттерді шешуін қамтамасыз ететін саяси технологияларды бір жағынан саяси маркетинг деп те атауға болады.
«Маркетинг» термині экономикалық,әлеуметтік және саяси қатынастарды реттеу жөніндегі әр түрлі ұйымдық-техникалық және басқару қызметін белгілеу үшін де пайдаланылады.Бұл- тауар және қызмет көрсету,сұраныс пен ұсынысты зерттеу,жұмыс беруші мен жалданып жұмыс істеушілердің,саяси қайраткерлер мен азаматтардың арасындағцы процестерді реттеу деген де сөз.Аталған терминді саясат саласында пайдаланудың заңдылығы мына жағдайға байланысты да келесілуі керек,мәселен АҚШ-та саяси маркетинг ашық түрде тауар сатумен теңдестіріледі.
Саяси маркетинг-саяси партиялардың,саяси лидерлердің өкілетті билік органдарына,депутаттыққа кандидаттардың және басқа да билік құрылымынағы адамдардың сайлаудағы жеңісін қамтамасыз ету мақсатында қолайлы имиджін жасауға бағытталған шаралар комплексін құрайды.
Саяси технологияларды өзара әрекет етудің жекелеген механизмдерімен,техникасымен,немесе әдістерімен шатастыруға болмайды.Саяси технологиялар — бұл нақты әрекет етуші субьектінің белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуін қаматамасыз етуге бағытталған техниканы қолданудың процесі болуымен бірге,осы қызметтің нәтижесінде.
Мұнай өндірісі | Химия | ы
... әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру ... Республикасы ежелгі мұнай өндіретін мемлкеттердің бірі болып табылады. Мұнай өндіріс тәсілімен шамамен 100 жыл бойы өндіріліп келеді. Мұнай мен газды игеру көлемі бойынша Атырау және Маңқыстау ...
Саяси технологиялар саяси билік пен мемлекеттік басқарудың барлық буынына кеңінен еніп отыр.Осы тұрғыдан алғанда олар саяси билікті қолданудың және мемлекет реусурстарын тиісінше бөлудің конвенционалды процестерінде де,сондай-ақ конвенционалды емес,заңмен тиым салынған немесе саяси дәстүрлерге қарама-қайшы келетін әдістер мен процедураларды пайдалану ұйғарылған прцестерде де көрініс беріп отырады.Саяси технологиялар қолданылу орны және уақыты бойынша шектеулі болып келеді.Осы қызметтің белгілі бір жүйесі ретінде қызметтің әдістері мен тәсілдерінің,техникасының нақты үйлесімінде,И.Пригожиннің сөзімен айтқанда,кеңістік-уақыттық жағдайларға қатаң таңылған өзінің «ішкі уақыты» болады.
Алайда саяси технологияларда әрқашанда да субьектінің творчествосына,импровизациясына,үйр еншікті емес іс-қимылдарына жол беріледі.Саяси технологиялар нақты бір субьектінің мақсаттары мен міндеттерін тиімді рационализациялауға бағытталған,белгілі бір формалдылыққа,институционализмге және нормалық жағынан бекіте түсуге ұмтылады.Ережеге сәйкес,саяси технологиялардың құрылымына неғұрлым маңызды үш элементтің кіретінін айтқан жөн,олар:айрықша технологиялық біілім,әрекет етудің нақты тәсілдері,процедуралары және әдістемесі,сондай-ақ,әр түрлі техникалық-ресурстық компоненттер.
Айрықша технологиялық білім кез-келген оқиғаны козғалыстың өзіндік жеке логикасын меңгерген шындықтың әлдебір фрагменті,дамудың көзі,өсудің шегі т.б. ретінде қарастырады.
Айрықша-технологиялық ілім-бұл саяси жоьалауға және саясат субьектісінің практикалық қызметін ұйымдастыруға бағдар ұстау жөніндегі ғылыми-қолданбалы ілім болғандықтан,саяси технологиялар үшін негізгі құндылық бірденені істеу,жүзеге асыру жөніндегі ғылым ғана емес,ол әрекетті жүзеге асыру және мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған нақты қабілет,дағды да.Іс әрекеттің белгілі бір әдістерін,процедураларын,техникасы мен методикасын қолдануда көрініс табатын мұндай нақты дағдылар мен қабілеттер нақты мақсаттарға орай,ең аяғында саясаттың кез келген саласының ерекшілігіне қарай қалыптасып,пайда болады.
Саяси технологияларды қалыптастырудың субьективтік және аналитикалық деп аталатын екі түрлі әдісінің бар екендігін айтуымыз керек.Оның біріншісі құрастыру негізінде салауатты ойлаудың оңтайлы іс-әрекетін дарытатын субьективтік тұрғыдан келу,субьектінің практикалық тәжірибесі,оның интуициясы,ұнатуы,мәдени стереотипі,оның дүниеге көзқарастарының жеке ерекшілігі мен дағдысы негізінде жасалады,
Саяси технологияларды қалыптастырудың екінші,аналитикалық әдісі мақсатқа жетудің негізгі параметрлері мен шарттарын айқындайтын арнайы аналитикалық әдістер мен процедураларды пайдалануға тікелей байланысты.Саяси технологиялар мемлекетті құрудың және социумды ұйымдастырудың әр-түрлі деңгейлерінде саяси билікті қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ететін әр түрлі прцестермен бір қатарға қойылатыны сөзсіз .Сөйтіп,саяси технологиялардың универсалды ғана емес,сонымен қатар типтік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етуге болады.
Солардың ішінде кең тарағаны-басқару мен мен биліктегі әр түрлі субьектілердің рөлін рационализациялауды және алгоритмдеуді жорамалдайтын саяси технологиялардың функционалды түрлері.Саяси технологиялардың инструменттік әр түрлілігі нақты бір қызметті рационализациялауға бағытталған техниканы қолдануды имитациялайды,ал шын мәнінде,мүлде басқа мақсаттарды көздейді және соны бүркемелеуге тырысады.
Бастапқы алюминий туралы қазақша
... қ бірінші орынды басқа да түсті металдар. Тұтастай алғанда, қолданылуы, алюминий шаруашылықтың әр түрлі салаларында үлгісінде дамыған елдердің ба ... ары технологичностью, жақсы деформируются, оның ішінде салыстырмалы оңай алуға болады бұйымдар күрделі нысандары, және оның қорытпалары жеткілікті тү ... Басталу өнеркәсіптік шығару деп санау керек 1890 ж. 1854 бойынша 1890 жылдары өндірілді, барлығы 200 т., ...
2.Саяси талдау және саяси кеңес беру
Саяси талдаудың және саяси кеңес берудің методологиялық әр түрлілігінің негізі,бір жағынан қолданбалы пән ретінде олардың ерекшеліктері бойынша,екінші жағынан,талдау және кеңес беру пәні ретінде саяси проблематиканың өзгешілігі арқылы алдын ала белгіленіп отыр.Саясат саласында нақты міндеттерді шешудің,мақсатқа жетуде неғұрлым адамдарға қолайлы әдістер мен технологиялдарды іздестірудің қажеттігі саяси құбылыстарды түсіну мен оны зерттеуге айрықша жол табу керектігін жорамалдайды.Жалпы алғанда саяси білімнің едәуір бөлігі білім теориясы мен оны дамытуға емес,саяси кеңістіктегі практикалық және нақты міндеттерді шешу кезінде қолда бар ғылыми әлеуетті қолданбалы түрде пайдалануға баытталған.Аталған міндеттерді шешуде,сондай-ақ,адамдардың жинаған практикалық тәжірибесі,дағдысы және осыған ұқсас міндеттерді шешу қабілеті,интуициясы маңызды компоненттердің бірі болып табылады.
Саясаттағы қолданбалы зерттеу оның барлық кеңістігінде бірдей ой зерделемейді,ол саяси билік ыфзметінің барлық процесі үшін практикалық мәні бар саласын ғана қамтиды.Ондай салаларға бүгінде жанжалдарды шешу мен реттеу процестері,келіссөздер жүргізу,сайлау және ақпараттық науқандарды ұйымдастыру т.б. жатады.Мұндай саланың айналасында өзіндік ерекшілігі бар саяси пәндер орнығады:саяси маркетинг,саяси менеджмент,жанжалды реттеуші менеджмент және т.б.
Осыған байланысты саяси талдау пәндік қамтуы және басқа да ерекшеліктері бар айрықша қолданбалы пән болып табылатынын атап айту керек.
Сонымен бірге ол барлық қолданбалы субдисциплияның ортақ зерттеу негізі де болып саналады.Сонымен,саяси талдауды екі мағынада:кең және тар мағыналарында түсіну керек.Кең мағынасында алғанда саяси талдауды саясаттың барлық ғылыми зерттеулері тұрғысынан түсіну керек.Ал,тар,қолданбалы мағынасындағы саяси талдау-бұл нақты проблеманы обьективті зерттеу,оның неғұрлым қолайлы шешімдерін іздеу және бұл үшін қажетті технологиялық құралдар мен қызмет әдістерін анықтау болып табылады.
Саяси талдаудың нақты проблемаларды зерттеуге бағытталуы саяси кеңістіктің әр түрлі саласын қамтиды және оның анықталған,бір типті қайнар көздері,байланыстары мен осыған ұқсас параметрлері болмайды.Ал,нақты қалыптасқан жағдайлар шеңберінде нақты проблемаларды шешуге бағдар ұстау саяси талдауды ситуациялық ғылыми зерттеулер формасына айналдыруы мүмкін.Төтенше күрделі болуы себепті саяси кеңістікте пайда болатын кез келген нақты жағдай,онда әдістерді зерттеу үшін қолданылатын әр түрлі байланыстар мен қатынастардың болуы оның пәнаралық сипатқа ие болуын көрсетеді.Осыған байланысты жағдайды саяси бағалау әдетте талдаудың психологиялық,әлеуметтану,мәдени және басқа да әдістерін қолданумен толықтырылып отырады.Бұл ретте саяси талдауды жасаумен мамандардың айрықша тобы айналысады.Нақты айтқанда,олар: технологтар,аналитиктер,сарапшылар, кеңес берушілер,ақпараттық технологияның мамандары,партия аппаратының қызметкерлері,белгілі саясаткерлердің көмекшілері,қысқасы … саяси қызметпен айналысатындардың барлығы да кіреді.Берілген әр түрлі кеңестер мен ұсыныстар,жорамалдар,мемлекеттік,па ртиялық органдардың және жекелеген қайраткерлердің жасаған жоспарлары мен бағдарламалары,басқару органдарының қызметін жетілдіруге арналған аналитикалық анықтамалар,нақты саяси проблемаларды оңтайлы шешуге арналған басқа да материалдар жоғарыдағыдай топтардың қызметінің нәтижесі болып табылады.
Стандарттау, метрология және сертификаттау
... ға мәжбүр етеді. Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнін оқытудағы басты ... СТАНДАРТТАУ НЕГІЗДЕРІ I тарау. САПА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Стандарттау, метрология және сөйкестікті растау жұмыстарының мақсаты - өнімнің, процестің және ... жөне көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек. ... болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады. ...
Саяси саланың нақты табиғаты тұрғысынан алғанда қарсылас күштер өкілдерінің қайсыбірі болмасын,ситуацияны әр қырынан көре білуі және оны түрліше түсіндіруі орнығады.Демек,нақты ситуацияның бағасын аналитик немесе сарапшы ғана беріп қоймайды,қалыптасқан проблеманы шешуге тиісті адамдар да араласа алады.Сөйтіп,саяси талдаудың құрамы мен мазмұны зерттеушінің әлдебір оқиғаны аналитикалық тұрғыда сипаттауының нәтижесінде ғана қалыптасып қоймай,аталған ситуацияны шешу мақсатын қоятын «тапсырыс» беруші тұлғаның қатысуымен немесе қатыспауымен де жасалады.Тиісінше,технолог-аналитті к көбінесе әлеуметтік тапсырыс берушінің ролін атқарады.Аналитикалық талдау үшін түсетін ақпаратты жинаудың және оны үнемі толықтырып,нақтылаудың принциптері маңызы бар.Кәсіби кеңесті талдап жасау,міндеттерді шешудің тиісті технологиясын таңдау үшін ақпарат мына талаптарға сай болуы керек:шешілетін проблеманың қажеттігі;проблеманы толық қарастыру үшін материалдардың жеткілікті болуы шарт;алынған материалдардың нақтылығы,сенімділігі және оны дер кезінде қамтып ала білу.Сонымен,аналитиктің нақты ситуация жөніндегі мәліметі толық қажеттілік жағдайға ұмтылуы керек.Ол талдау нәтижелерін елестетуін де,оны тексеру мүмкіндігін де жорамалдай алуы тиіс.
Түсетін ақпаратты саяси талдау үшін оларды зерттеудің әр түрлі әдістері қолданылады.Тұтас алғанда саяси талдаудың қолданылатын әдістерін екі топқа:жалпы және жеке деп бөлуге болады.Жалпы әдістер саяси талдаудың барлық кезеңдерінің бағытын,ракурсы мен методологиялық жағынан қамтамасыз етілуін анықтайды.Оған инвент-талдаууды,ситуациялық талдауды және басқаларды жатқызуға болады.
Ситуацияны түсіндірудің неғұрлым маңызды тәсілдерін қалыптастыруға ықпал ететін жалпы әдістер ішінде ивент-талдаудың маңызы айрықшы зор,оның шеңберінде саяси лидерлердің сөз алуы,жаппай демонстрациялар,сайлаулар,нормативт ік актілерді қабылдау,саяси құрбандықтар,т.б. бірқатар оқиғалар көзге елестейді.Осылардың әрқайсысы да ситуацияға қай жағынан болса да ықпал етеді және бұлардың қай-қайсының да соңында өз мүдделерін көздейтін нақты адамдардың тұрғанын есте ұстауымыз керек.
Жеке әдістерге статискадан,әлеуметтанудан,экономик адан және басқа пәндерден алынып пайдаланылатын стандарттық әдістер жатады;оларды саяси талдаудың жекелеген сатыларындағы әр түрлі комбинацияларда қолдану мақсатқа сәйкестілікпен-яғни проблемалардың сипатымен,зерттеулер ракурсымен,мәліметтерге қол жеткізілуімен,ұйымдық және басқа да ресурстармен қаматамасыз етілуімен анықталады.Осы аталған әдістер тобына ішінара әдіс,сараптық бағалау әдісі,корреляциялық және факторлық талдау,математикалық моделдеу және т.б. жатқызуға болады.
Проблемалық ситуацияларға саяси талдау жасау кезінде бәрінен бұрын саяси оқиғаларға негізгі қатысыушылардың құрылымына талдау жасауға назар аударылады.Оқиғаларға қатысушылардың қай-қайсысына да саяси ықпал етудің деңгейлеріне баға беру қажет.Сонан соң оқиғаға негізгі қатысушылардың мүддесі нақтылануы,олардың стратегиялық мақсаттары мен тактикалық міндеттері белгіленуі,қайсыбір мүдделердің жүзеге асырылуының кешіктірілуіне байланысты олардың осал тұстары анықталуы керек.Оқиғаға қатысушылардың саяси қызметінің ресурстарын жеке сипаттау қажет.Саяси процестерге қатысушылардың және субьектілердің саяси ситуациялар дамуының қандай да бір болмасын сценариіне реакциясының сипаты тұрғысынан алғанда мүмкін болатын стратегиялық одақтарды және тактикалық каолицияны анықтап,оқиғаның даму сценариін жасау қажет,Сонымен,іс-әрекеттер пайда болады да,олардың жетістігінің ықтимал бағасы беріледі.Талдау қорытындысында саяси ситуациялардың дамуын жорамалдауды,сондай-ақ оларды жүзеге асырудың құралдары мен ресурстарын ескере отырып жүзеге асырылатын іс-әрекеттің оңтайлы варианты негізінде тұтас стратегия қалыптасады.Аналитикалық жұмыстың соңы әдетте,одан арғы жұмыстарға арналған міндеттердің нақты қойылуымен және орындалған ситуациялық талдаудың нәтижелерін практикада қолданумен аяқталады.
Ғылым философиясы
... үрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын ... ниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалы ... дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ...
Осыған байланысты саяси талдау саяси кеңес беру процесінде нақты көрініс табатынын айту керек.Саяси кеңес беру жақын арада ғана ажырамас технологиялық буынның мәртебесін иеленді және