Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шетелдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру — дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі.
Сапа, қай елде болса да, өзекті мәселе. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан қалжырап шықңан Жапониа мен Германия стандарттау мен метрологияны шебер қолдану арқылы өнімнің сапасын қамтамасыз етуге жөне сол арқылы өз елдерінің экономикасын дамытуға басты қадам жасады.
Қазіргі кезде дайындаушының және оның саудадағы келістірушісінің бәсекеде жеңуі және әлемдік нарыққа шығуы үшін олар тек қана стандарттардың міндетті талаптарын ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар ұсынған талаптарды да орындауға мүдделі. Бүл стандарттардың нарықтың ынталандырушы статусына ие болғандығын көрсетеді.
Пропесс стандарттары мен құжаттары (басқару, тауарға ілестірілетін, техникалық) өндіріс және сауда мамандары өзара тиімді келісім жасау үшін білуге қажетті «ойын ережелерін» қарастырады. Сөйтіп, стандарттау бәсеке-лестікті қамтамасыз ететін құрал ғана емес, сонымен қатар басқарудың барлық деңгейінде дайындаушы, тапсырма беруші және сатушы араларында тиімді серіктестікті қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Бүгінгі күнде жабдықтаушыға стандарттардың талаптарын қатаң сақтау жеткіліксіз, ол тауар өндіруді жөне қызмет көрсетуді сәйкестік сертификатымен куәландыруы қажет.
Тапсырма беруші мен тұтынушының ең жоғары сенімділігі сапа жүйесінің сертификатымен байланысты, өйткені, ол — сапа тұрақтылығының, өлшенген сапа көрсеткіштерінің дұрыстығы мен дәлдігінің кепілі.
Келешекте кейбір тауар мен қызмет түрлерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі тек қана сертификаттау арқылы дәлелденбейді, оны дәлелдеуді дайындаушының (орындаушының) өздері жүргізеді. Бүл жағдайда қызметкерлердің стандарттау, метрология, сәйкестікті растау ережелерін жақсы меңгеріп, іс жүзінде қолдануы үшін мекеме бастығының ролі мен жауапкершілігі арта түседі.
Стандартизация реферат казакша
... ретінде пайдаланылады. ҚР – да өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік Комитет жұ ... талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, ... шін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға ...
Әр түрлі коммерциялық жүмыстарда метрология ережелерін сақтау өлшеу нәтижесінің қателігінен болатын материалдық шығынды азайтуға мүмкіндік береді.
Тез арада шешімін табуға тиісті мәселелердің бірі -стандарттау, метрология және сәйкестікті растаудың отандық ережелерін үйлестіру. Өйткені, бұл — Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің және еліміздің осы ұйым шеңберінде тиімді жұмыс атқаруының басты шарты. Үйлестіруді жүзеге асырудағы басты қадам — техникалық реттеу жүйесін реформалау.
Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі принциптері, осы ұйымның саудадағы техникалық кедергілерге байланысты келісімінің ереже жиынтықтары елімізде 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан бастап іске қосылған Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы-ның негізінен алынған. Сондықтан бұл заңның жүзеге асырылуы елімізде техникалық реттеуді реформалау жұмыстарының басталғанын көрсетеді.
Еліміздегі нарықтық экономикаға тән бәсекелестік, тұтынушы сенімі үшін күрес коммерция мамандарын стандарттау, метрология және сәйкестікті растау әдістері мен ережелерін өздерінің тәжірибелік жүмыстарында тауар, жұмыс және қызмет көрсету сапаларын жақсарту үшін кеңінен қолдануға мәжбүр етеді.
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнін оқытудағы басты мақсат — оқушылардың бойында келешекте коммерциялық жұмысты тиімді жүргізу үшін қажетті білім, бағдар және іскерлікті қалыптастыру болып табылады.
I БӨЛІМ. СТАНДАРТТАУ НЕГІЗДЕРІ
I тарау. САПА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Стандарттау, метрология және сөйкестікті растау жұмыстарының мақсаты — өнімнің, процестің және көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз ету.
Сапа — объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402).
Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік жөне көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.
Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапа-сын» алуға болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және басқалар.
Оқулықта сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері — өнімге (тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.
Өнім — процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.
Процесс — өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.
Көрсетілетін қызмет — беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.
Тауар — ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу — сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат.
Сапаның екінші элементі — қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік. Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Доктор Э. Демингтің (сапаны жанжақты басқарудың теориясы мен әдістемелері саласындағы ірі ғалым, «жапон ғажайыбының» авторы) сөзімен айтқанда, «тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».
Сандық технология негізінде жергілікті қалалық байланыс жүйелерін ...
... ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ҚОСЫМШАЛАР РЕФЕРАТ Бұл битиру жумысыны негизгі миндети - технология сандық негизинде жергиликти қалалык ... ң аздығынан кезекке тұру немесе қызмет көрсету сапасының төмендігіне байланысты ... аймақ. Мыс Буль кезде Уткизгиштерди олдану Кымбаттыкынна жуне снимсиздигине баянисты тымсиз болып ... ызмет түрлерін көрсетуді қамтамасыз ету болды. Уақыт өткен сайын телефон жуелерине Койылатын талаптар ...
Сапаның үшінші элементі — көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді.
Сапалық көрсеткіштер — материалдың түсі, бұйымның түрі, т.б. Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады.
Сапа көрсеткіші — тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер әр түрлі өлшемдермен келтіріледі немесе өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады.
1.1. Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы
Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар: қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі, эргономикалылығы, ресурстарды үнемдеу мүмкіндігі, технологиялылығы, эстетикалылығы.
Қолдану жағдайына байланысты талаптар: өнімнің орындалуға тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің орындалу жылдамдығы) негізгі функцияларын анықтайтын қасиеті, яғни функционалдық жарамдылығы, шикізат пен материалдардың құрамы мен құрылымы, сыйысымдылығы және өзара алмасымдылығы.
Эргономикалың талаптар — қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін бұйым конструкциясын адам организмінің ерекшеліктерімен келістіру.
Ресурстарды үнемдеу талабы — шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану.
Қауіпсіздік талаптары — зиян келтіруі мүмкін қауіп-қатерді болдырмау.
Сенімділік талаптары — белгіленген функцияларды берілген режимде және қолдану жағдайында, техникалық қызмет көрсетуде, сақтауда және тасымалдауда орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметрлерге белгіленген шек аралығын әр уақытта сақтау.
Экологиялық талаптар — өнімді өндіру, пайдалану және кәдеге жарату кездерінде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау.
Технологиялылыққа қатысты талаптар — өнімге сапа көрсеткіштері белгіленіп қойған жағдайда оны дайындауды, қолдануды, жөндеуді аз шығынмен жүргізуге бейімділігі.
Эстетикаға қатысты талаптар — өнім мен қызмет көрсетудің көркемдік бейнені өрнектей алуына, адамның сезім мүшелері арқылы қалыптасатын форма белгі-лері негізінде (түсі, көлемдік конфигурациясы, бұйымды өрлеу сапасы) әлеуметтік мәдениеттік құндылығын көрсете алуына қойылатын талаптар.
Бастапқы алюминий туралы қазақша
... рсеткіші, әсер ететін барлық қасиеттері, сондықтан химиялық құрамы негізіне жіктеу алюминий. Таза алюминий бар аз беріктігі және пайдаланылуы мүмкін емес ретінде конструкционного материал. ... әне одан жасалған бұйымдар Орын : 7601 өңделмеген Алюминий: 7601100000 – алюминий нелегированный – 760120 – алюминий қорытпалары: 760120100 — бастапқы: 7601201001 — авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін – ...
Міндетті талаптардың құрамын анықтағанда мына жағдайларды ескеру қажет:
1. Заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі кеңейіп отыруы мүмкін. Мысалы, функционалдық жарамдылық есебінен.
2. Кейбір тауарлар түрлерінде сенімділік талабы қауіпсіздік талабымен үйлеседі (тамақ өнімдерінің сақталуы, жол көлігінің толассыз жүмыс істеуі).
Орындалуға тиісті талаптарды қамтитын стандарттардың ережелері нормалар деп аталады. Егер норманың сандық сипаттамасы болса, оны норматив деп атайды.
1.2. Сапаны бағалау
Сапаны бағалау — объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402).
Егер тексеру кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді.
Кез келген тексеру екі элементтен түрады: 1) объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның сапалық және сандық сипаттамалары); 2) алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру, яғни екінші түрде ақпарат алу.
Өнім сапасын тексеру — өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жүмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.
Олшеу дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады.
Өнімді талдау — материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен (химиялың талдау, микробиологиялық талдау, т.б.) жүргізіледі. Сынау — сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар — сынау құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар — қажетті реактивтер, материалдар, т.б.
Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын және т.б.) органолептикалық (сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау).
Өткізу орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигондық, табиғи болып бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі — зертханалық сынау.
Сынау жүргізудің сапа көрсеткіші — дәлдік және нәтижелердің қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты.
Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек. Зертханаларды тіркеу — сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің қүқықтылығын уәкілетті мемлекеттік органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0. 99).
Қазақстан Республикасында сынау зертханаларын тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау жұмыстарын жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына беріледі.
1.3. Сапа жүйесі
Сапаны жақсарту мәселесін кәсіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді.
Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі — сапаны басқаруда өнімнің
өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту.
Педагогикалық технология
... ытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді. Нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В. В. ... ою. Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі. Тексеру құралдары арқылы сапасы, ... етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның ... оқушының репродуктивтік іс - әрекетті продуктивті (өнімді) іс - әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерін бір ...
Өнімнің өмірлік циклі — өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайда-ланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады.
Маркетинг деңгейінде — өнімге тапсырма берушілер және олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. Өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек. Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі де артады. Қолданыстан шығару дең-гейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға зиянды әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді қолданыстан шығарумен бітпейді. Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым басталады.