«Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі

Курсовая работа

Қазіргі уақытта, Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін — өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін — өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін — өзі тану жолындағы еңбек — ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі — баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ — та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 таруының 11 бабында осылай айтылған:

1 ) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық — коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді

пайдалану;

— Сондай — ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік стандартының 4 бөлімінің 4,6 тарауында: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың денсаулық сақтау ортасын қамтитын әр түрлі әдіс — тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдануға болады, деп жазылған.

Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой — өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқым келеді.

3 стр., 1421 слов

Омметрді жалпы сипаттамасы

... құрылысын, жұмыс істеу принциптерін және қолданылуын білдік. 1 Омметрдің жалпы сипаттамасы Омметр 1-сурет – Омметр Неміс физигі Георг Ом бірінші қарсылы ... аспап.Электрлік кедергі – электр тізбесінің немесе өткізгіштің электр тогына қарсы бағытталған әсерін сипаттайтын шама. . Неміс физигі Георг Ом бірінші қарсылық ... Сонымен қатар, оқу тәжірибесі кезінде жалпы алынған мәліметті саралау арқылы тек қ ...

1. «Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі.

Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан — жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін сөзсіз. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген.

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Технология – tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология — оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан — жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог — ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».

Президентіміз Н.А. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар — бүгінгі мектеп оқушысы.

Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс — әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу — тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.

Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне

жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс»,

«әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету — педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.

Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдым.

Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:

Технологиялар атауы

Авторлары

1

Саралап деңгейлеп оқыту

Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.

2

Модульдік оқыту технологиясы

Жампеисова М.М.

3

Дамыта оқыту технологиясы

Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.

Давыдов В.В.,Зайцев В.

4

Проблемалық оқыту технологисы

Монахов М.

5

Ірі блокпен оқыту технологиясы

Шаталов, Эрдниев П.М.

6

Жобалау әдістемесі

Дж. Дьюи

7

Сын тұрғысынан ойлау

Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл

8

Жеделдетіп оқыту технологиясы

(тілді дамыту)

Жүнісбеков Ә.

9

Алдын — ала оқыту технологиясы

Лысенкова А.

10

Тұлғалық гумандық технологиясы

Амонашвили Ш.

11

Шоғырландырып — қарқындап оқыту

(Концентрированно — интенсивное обучение)

Нұрахметов Н.Н.

Абдығалиев К.А.

12

Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы

Ғалиев Т.Т.

13

Интерактивті оқыту технологиясы

Я.А. Каменский

Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.

М.Монаховтың жоғарыда айтылған сөзіннен, технология — оқу үрдісін жобалаудың жүйелік әдісі… Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент керек:

1. Мақсат қою.

2.Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өздік жұмысы.

3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.

4. Логикалық құрылым. Шығын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды.

5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар: оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі.

Сонымен қатар, педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай баптардан тұрады:

1.Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету.

2.Мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі.

3.Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі.

4.Оқу үрдісін жобалау.

5 Оқушының жалпы және оқу жүктемелері.

Нәтижесінде оқу технологиясы осы мақсаттарға жетуі тиіс:

1.Оқушыны илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау.

2.Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы.

3.Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау.

4.Оқушыға «Білім туралы» Заңға сәкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру.

5. Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлігін қамтамасыз ететін білім мазмұның құрылымын нақтылау.

2. Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен танымдық қабілеттерін арттыру

Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының бірі –деңгейлік саралау оқыту педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Өз басым сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқушы қызметін белсендету негізінде деңгейлік саралау технологиясын сабақ үстінде кеңінен қолданамын.Өйткені, оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды.

Деңгейлеп оқыту — оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі.

Бастапқы ғылыми идеялар:

Кезеңдер

Мұғалімнің іс — әрекеті

Оқушының іс — әрекеті

Дайындық

Оқушылардың оқу материалын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау

Диагностикалық

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата — аналарымен әңгімелесу

Диагностика нәтижелерімен өз қызығушылықтары негізгі пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды

Оқушыларды топтарға бөлу

Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру: әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.

Белгілі топты оқушының таңдауы. Топтағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.

Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Тыңдалған топта өзінің оқу іс — әрекетін ұйымдастыруы

Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау /кері байланыстың дұрыс орнауы, жүзеге асуы/

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін — өзі бағалауды жүзеге асыру

1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді.

2.Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3.Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.

Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің құзықушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.