Кривошипті – шатун механизмі

Курсовая работа

Клапан механизмі. 1-клапан, 2-клапан ұясы, 3—клапан стержені, 4—клапанның бағыттаушы втулкасы, 5 – клапан ұшы, 6 – серіппе табаншасы, 7 – сухарик, 8 – клапан серіппесі, 9—шарик.

Автомобиль моторларының шығару клапаны жұмыс істеген кезде арнайы механизымның көмегімен айналып тұрады. Бұл механизым қозғалмайтын корпустан тұрады, оның шеңбер бойында бес келбеу ойық, оларға орналасқан бес шарик (9) және оларды кері қайтаратын серіппе орналасқан. Шариктерге дис-62

кілі (конусты) серіппе қондырылып, оған таяныш шайба арқылы клапан серіппесі тіреледі.

Клапан ашылған кезде серіппе сығылады, одан пайда болған күштің артуы нәтижесінде дискілі серіппе шарикке тіреліп, жазылады. Серіппелер күшінің әсерінен шариктер (9) кері қайтқан серіппенің кедергісін жеңіп, корпустың көлденең/ ойығы бойынша сырғанайды және де дискілі серіппені клапанымен қоса біршама бұрышқа бұрады.

Күйенте (3) болаттан жасалған екі иінді рычаг. Оның орта тұсындағы жуандау жерінде тесігі болады, сол тесікке втулка кигізіледі. Күйенте иінінің біреуінде (ұзынында) шынықтырылған соққыш болады, ол клапанды басады, ал екіншісінде — бұрандалы тесік бар, оған реттеуіш винт (4) бұрап кигізіледі. Соның кемегімен клапан мен күйенте соққышының аралығында саңылау жасалады және де мұның өзі клапандардың нығыз жабылуын қамтамасыз етеді. Күйенте осьте еркін тербеліп тұрады, ал осьтің өзі блок қалпақшасына бұрап кіргізілген тіреуге орнатылады. Таяныш серіппе мен тоқтатқыш сақина күйентені осьтік ығысудан сақтайды. Күйенте осі қуыс, осы ішкі қуысы күйенте втулкасының реттеуіш винт пен штанганың үйкелетін беттеріне май жіберетін канал ретінде

пайдаланылады. Күйенте осінің ұшы бітеуішпен жабылған.

Штанга (5) түрткіштегі күшті күйентеге беруге арналған. Штанга бітеу болат шыбықтан немесе іші қуыс болат стерженнен жасалады. Штанганың ұшында

ажарланған, қыздырып өңделген ұштың болады. Төменгі ұштықтың формасы шар тәрізді. Ол түрткіштің шар тәрізді ойығына тіреледі. Жоғарғы ұштың шар формалы немесе ойығының беті шар тәрізді болуы мүмкін. Оған күйентеге

бұрап кіргізілген реттеуіш винттің қалпақшасы тіреледі.

5.2.3. Түрткіш (6) болаттан жасалады. Таратқыш білік (2) клапандарды белгілі бір тәртіппен дер кезінде ашып-жабу қызметін атқарады. Білікпен қоса жұдырықша және тірек мойын жасалған. Әрбір жұдырықша тек бір клапанға (енгізу немесе шығару) әсер етеді. Шығару клапанының жұдырықшасы доғалдау, сондықтан олар енгізу клапандарына қарағанда ұзағырақ ашылады. Кейбір автомобиль моторларында таратқыш білікпен (2) бірге бензин насосын іске қосатьш эксцентрик және май насосын іске қосатын шестерня жасалған.

4 стр., 1870 слов

Технология изготовления клапанов

... НО) впускные и Х9С2 и Х13Н7С2 ( ЗИЛ-110) выпускные. Для изготовления клапанов автомобильных двигателей также принят дифференцированный способ. Поковки изготавливаются методом выдавливания. ... ковочного нагрева. Типовым примером изготовления поковок выдавливанием за два перехода может служить штамповка клапана автомобильного двигателя. Для изготовления поковок клапанов применяют операции прямого ...

Таратқыш білік мойнының біреуінде блок каналына май жіберетін саңылау болады, май осы саңылау арқылы күйентеге беріледі. Саңылау блок каналымен сәйкес келгенде май жіберіледі.

Таратқыш шестерня көпшілік моторларда ол алдыңғы бөлігіндегі арнайы картерде орналасады. Ол иінді білікпен ілінісе отырып таратқыш білікті, отын насосының білігіне, май насосьша және басқа да механизмдерді іске қосады. Шестерня болаттан немесе текстолиттен жасалады. Шуылын азайту үшін олар қиғаш тісті етіп жасалған.

9. Газ тарату фазасын басқару

Моторға иінді біліктің төменгі айналу жиілігіндегі айналдырушы моменттің жоғарғы мәнде болғаны өте қажетті. Айналдырушы момент өскен сайын мотордың айналу жиілігі төмендейді. Мысалы, автомобиль өрге жүріп бара жатқанда оның жылдамдығы төмендейді, сондықтан беріліс қорабын төменгі беріліске ауыстыру қажет.

Мотордың айналдырылуы мен моментінің оның айналу жиілігіне тәуелділігі. Көп жағдайда газ тарату фазасына, жабылу моментіне байланысты. Иінді біліктің төлген жиілігі кезінде цилиндрдің жақсы толтырылуы үшін төменгі шеткі нүктеден кейін (ТШН) енгізу клапанынъщ жабылуы қажет. Бұл жағдайда клапан саңылауы арқылы өтетін ауаның төмен жылдамдығында, цилиндр ауамен немесе жанғыш қоспамен жақсы толтырылады. Сондықтан, төменгі айналу жиілігінде енгізу клапанын ТШН кейін аз кешіктіріп жапқан қажеттірек.

Жартылай жұмыс режимінде, аз айналымда ұлғайту процесінде цилиндрдегі газ қысымдары мүмкіндігінше поршеньге ұзағырақ әсер етуі үшін шығару клапандары(ТПІН жақынырақ ашылуы керек.

Төменгі айналу жиілігінде клапанның ашылуының кеш ашылып, ерте жабылуын қамтамасыз еткенде қуат ұлғаяды, немесе бос айналыста отын шығыны азаяды.

Жоғары айналу жиілігінде жағдай басқаша болады. Клапанның ашылу уақыты қысқарады, сондықтан цилиндрдің жақсы толуы үшін және оның жақсы тазалануы үшін иінді біліктің үлкен айналу бұрышында клапандар ашық болуы керек. Сонымен, енгізу клапаны кешірек, ал енгізу ТШН қарағанда ертерек жабылуы керек. Әрине, мұндай газ тарату фазасы төменгі айналу жиілігінде тиімсіз, өйткені мұндай жағдайда енгізу клапанының жабылар алдында цилиндрге ертерек енген ауаның бір бөлігі итеріліп шығарылады, ал шығару клапаны тым ерте ашылады және цилиндрден салыстырмалы жоғарғы қысымды газдар шығарылады, яғни толық қуат алынбайды.

10. Газ таратпу механизмінің жұмысы

ГТМ мотордың цилиндріне таза (отын қоспасы болмаса) ауа кіргізу үшін және жанып біткен қалдық газдарды атмосфераға шығару үшін қажет. Бұл процестер белгілі бір уақыт аралықтарында жүруі керек.

Автомобиль моторларында көбінде газ тарату механизмі газ тарату фазасын тұрақты ұстап отырады. Поршеньді іштен жану моторларында негізінен клапан-ды және золотникті газ тарату механизмі қолданылады, төрт тактілі автотрактор моторларында клапанды ГТМ, клапандарын ашып және жабатын енгізу және шығару каналдары. Клапанды ГТМ екі түрі болады: цилиндр қақпағында орналасқан аспалы клапандармен және картер блогында орналасқан қабырғадағы клапандармен.

Барлық дизельді және бензинді автомобильдерде көбінде аспалы клапанды газ тарату механизмі бар.

Газ таратудағы фазаның диаграммасы — бұл клапандардың ашылу немесе жабылу моменттерінің (фаза) екі тактілі моторлардың терезесі иінді білік бұрылу бұрышымен градуста сипатталған аралығы және дөңгелек диаграмма түрінде берілген. Газ таратудағы диаграммада көрсетілген аралықтарды, мотордың жылдам жүруін ескере отырып береді. Неғүрлым иінді біліктің айналу жиілігі жоғары болса, соғұрлымол үлкен. Клапандардың бірін-бірі жабуы — енгізу және шығару клапандарының бір уақытта ашылу уақыты. Мысалы, бірін-бірі жабу бұрышының мәні 16 тан 600-дейін толқып тұрады.

20 стр., 9857 слов

Компьютерлік технологияның бағыттары

... ң міндетті компонентінің біріне айнала бастады. Сондықтан білім берудің алдына студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану міндеті қойылып отыр. «Компьют ерлік технология» болса , жиырмасыншы ғасырды ... оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу мәселелесін негізге ала отырып , біз «Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде ...

Ең тиімді газ тарату диаграммасын әрбір моторға эксперимент түрінде анықтайды. Қабылданған газ тазарту диаграммасы (аз ғана ауытқуы) мотордың үнемділігін және қуатын азайтады. Механикалық газ тарату механизмді моторларда (ГТМ) газ тарату фазасы басқарылмайды немесе шапшаң реттел-мейді.

11. Газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын электронды жүйемен реттеу

Көптеген өндірушілер моторларға гидромеханикалық, электромеханикалық және басқа басқару жүйесіндегі электрондық дабыл жүйесімен басқарылып жұмыс істейтін басқару жүйесіндегі газ тарату фазасын қондырады.

Басқарылмайтын газ тарату фазасы төменгі айналу жиілігінде тиімсіз, өйткені мұндай жағдайда цилиндрге ертерек кірген ауа бөліктерін енгізу клапаны жабылар алдында итеріп шығарады, ал шығару клапаны тым ерте ашылады, цилиндрден салыстырмалы жоғары қысыммен газдар шығады, демек толық қолданылмаған энергиямен.

Қазіргі заман моторлары цилиндрлерінің жақсы толуын қамтамасыз ету үшін газ тарату фазасы иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты клапандардың ашылу-жабылу кезеңдерінде шапшаң реттеледі.

Иінді біліктің айналу жылдамдығының аздығынан, клапандардың ашылуынан жабылуына дейінгі уақыт созылады және цилиндр ауамен немесе жанатын қоспамен жақсы толады.

Сондықтан, төменгі айналу жиілігінде енгізу клапаны ТШН кейін лезде жабылады.

Цилиндрдегі газ қысымы ұлғаю процесінде|поршеньге ұзағыраң әсер етуі үшін шығару клапаны ТШН жақынырақ ашылуы және ЖШН кейін аз кешігіп жабылуы керек. Сондықтан, төменгі айналу жиілігінде шығару тактісінде, поршеньнің ЖШН қозғалуы кезінде оған қалдық газдардың қарсы қысымы әсер етпейді.

Мұндай батыл қадамға 1993ж бірінші болып Alfa Romeo компаниясы қадам басты. Ол моторға электрондық жүйе дабылымен басқарылып жұмыс істейтін, екі жоғарғы айналатын тарату білігінің бастапқы бұрыштың жағдайын айналыспен өзгертетін гидромеханикалық жүйесін орнатты, атап айтқанда автомобильдін қозғалысы кезіндегі енгізу. Клапанның тарату білігінде кейінірек тура осы принцип Daimeer-Benz және Nissan фирмаларында қолданылды.

Иінді біліктің айналу жылдамдығы жоғары болғанда газ тарату фазасы сай келеді. Ал иінді біліктің жылдамдығы кеміген сайын клапандардың ашық тұру бұрыштары азаяды. Мотордың ең төменгі айналымында жұмыс істеу жағдайында клапандардың ашық тұру бұрышы 180 градусқа жақындай бастайды.

Мотордың төмен айналысында бұраушы момент 25-30%, ал номиналды айналыста 5% көбейеді. Клапанды ашьш-жабуды реттеуде болашағы үлкен жүйе — электромагниттік реттегіштер. Реттеу дәлдігі 0,005 секунд ішінде жүзеге асады. Осындай газ тарату фазасын басқарушы мотор клапандарын электромагнитті басқару жүйесі жасалып және автомобильдерде қолданып жүр.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

Менің дипломдық жұмысым бойынша таңдап алған тақырыбым:

«Кривошипті – шатуынды механизмі».

4 стр., 1553 слов

Кернеу трансформаторлары

... лшеуіш аспаптар бәрінде трансформатордың екінші ретті кернеуі болуы үшін бір-бірімен параллель жалғанады. Вольтметр мен өлшеуіш аспаптардың кернеу тізбегінің кедергісі ... қы станциялар мен өндірістік кешендердің тарату қондырғыларында (РУ) 1 және 3, ал электр энергиясын өлшеу үшін 0,5 дәлдік ... кернеулі шығыстармен, ал екінші ретті ораманың шеттері төменгі жағындағы контактілі қысқыштарға жалғанады. ...

Мотор қаңқасының ішіне, оның сыртқы жағында мотор бөлшектері, механизмдер мен жүйелері орналасады.

Автомобиль моторының қаңқасына ілініс пен беріліс қораптары берік бекітіледі. Мотор типіне және қуатына қарай қаңқаның құрамдас бөлшегінің кейбір конструкциялық айырма шылығы болғанымен, құрылыс принципі бірдей.

Мотор, ілініс және беріліс қораптары автомобильдің қаңқасына үштен жетіге дейін тіректер арқылы бекітіледі. Көп цилиндрлі мотор қаңқасының негізгі бөлшегі — блок — картер.

Моторлардың блок қабырғасы және цилиндрлер гильзасының аралығындағы қуысты сумен толтырады. Картердің төменгі бөлігі ұлғайтылған, өйткені онда иінді білік айналады. Қатарлы мотордың картері бірнеше бөліктерге бөлінген. Оның төменгі жағында құйылма бар, ол қақпақпен бірге иінді біліктің түпкі подшипнигінің тірегіш қызметін атқарады. Таратқыш жұдырықшалы білікке арналған тесіктер бар.

Су картерге енбеуі үшін горизонталь бөліктің қашап кеңейтілген жеріне гильза сыртына нығыздауыш сақина орналасқан. Блоктың жоғарғы плитасында шпилькаға арналған бұрандалы тесік бар, ол цилиндр қалпақшасын блоккартермен және штанг саңылауын түрткішпен жалғастырады. Мотордың кейбір үйкелетін детальдарына май жіберетін саңылаумен канал тесілген.

Блок-катердегі V тәрізді моторлардың цилиндрлер гильзасын рет санына қарай орналастыратын үлкен саңылау жасалған. Барлық цилиндрлердің сыртқы қабырғалары жалпы су тысымен біріккен. Шпилькалармен иінді біліктің түпкі подшипниктерінің қақпағы бекітіледі. Жартылай блоктың жазықтығына цилиндрлер қалпақшасын орнатады.

Мен осылай өзімнің дипломдық жұмысымның соңғы қорытынды бөлімінде кривошипті – шатуынды механизмі жайлы қысқаша мәліметтермен өз жұмысымды аяқтаймын.

IV Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. «Ауыл шаруашылығы машиналары»

Алматы. «Мектеп» 1988ж. Ю. И. Воронов

  1. Ауыл шаруашылығы машиналары және трактор жұмыс технологиясы.

Мектеп баспасы Алматы 1975 В.В. Боронов

  1. Машина трактор паркін пайдалануды ұйымдастырушысы дәне жұмыс жүргізу технологиясы.

Қайнар баспасы Алматы 1988 А.А. Мухик

  1. «Агрономия негіздері».

Алматы «Мектеп» баспасы, 1971 В.Н. Степанов, А.Н. Киселев

  1. Металдар технологиясы.

Алматы баспасы 1972 Н.Н. Степенко

  1. Астық жинайтын комбайндар.

Астана 2007 А.Н. Устинов, Фолиант баспасы

  1. Тракторшының анықтамалары.

Астана 2007 Б. Алиев, Фолиант баспасы.

  1. Еңбек қорғау.

Астана 2008 Н. Фолиант баспасы.

  1. Қауіпсіздік техникасы.

Астана 2007 А. М. Әбдіров,Фолиант баспасы.

  1. Автомобильдердің құрлысы және пайдалануы.

Астана қаласы П. Ш. Жүнісбеков,Фолиант баспасы.