Өндірістік процесті ұйымдастыру

Реферат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Өндірістік процесті ұйымдастыру.

Орал 2013

Жоспар:

  1. Өндірістік құрылым және оның түрлері.
  2. Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері
  3. Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары.
  4. Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары.

Өндірістік құрылым және оның түрлері

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.

Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды. Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.

Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:

  • шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
  • өндірістің ауқымы;
  • кооперациялау деңгейі.

Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.

Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорындардың кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көтереді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштері арқылы анықталады.

15 стр., 7227 слов

Мұнай өндірісі | Химия | ы

... Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның м ... мұнай өндіретін мемлкеттердің бірі болып табылады. Мұнай өндіріс тәсілімен шамамен 100 жыл бойы өндіріліп келеді. Мұнай мен газды игеру көлемі бойынша Атырау және ... мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұ ...

Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және ұйымдық бірлік мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және тұрғызу нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелеген міндетіне сай келетіндей болса тиімді жұмыс істей алады. Әрбір құрылым деңгейлес және сатылы болып бөлінеді, басқаша айтқанда ұйымдық құрылымда еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады.

Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің саласында тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды (басқарушының тікелей қарамағындағы бағынушылардың ең жоғарғы саны).

Сатылы еңбек бөлінісі басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы

іс-әрекетін құрайды.

Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің ерекшелігі, мамандандыру деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде құрылады.

Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін дайындайды немесе өндіріс процесін орындайды. Цех – бұл белгілі бір бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.

Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы өзара қарым-қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.

Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері.

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үлесуін және өндірістік материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз етуі қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.

Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

  • өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
  • кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;
  • өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;
  • өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;
  • өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.

Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері: жеке дара, сериялық және жаппай өндіріс болып табылады.

Жеке дара өндіріс – шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.

11 стр., 5426 слов

Сандық технология негізінде жергілікті қалалық байланыс жүйелерін ...

... қтау 3.12 Жабдықтарды орналастыру және олардың ерекшеліктері ҚОРЫТЫНДЫ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ҚОСЫМШАЛАР РЕФЕРАТ Бұл битиру жумысыны негизгі миндети - технология сандық негизинде жергиликти қалалык байланыс жуелерин жзеге ... ға таныс болып келген проблеме – клиенттер жылдар бойы телефон нөмірінің аздығынан кезекке тұру немесе қызмет көрсету сапасының төмендігіне байланысты олардың тарапынан жиі ...

Сериялы өндіріс – жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды. Өнімді шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты сериялы, орта сериялы және ірі сериялы болып бөлінеді.

Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.

Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден байқалады:

  • мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік процестерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды қолдану;
  • жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге байланысты уақыт ысырабының жоқтығы;
  • өндіріс процестерінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек өнімділігін және оның сапасын арттыру;
  • өндірістік қуаттарды едәуір тиімді пайдалану және өнімнің өзіндік құнын елеулі кеміту.

Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштірі және оларды жетілдірудің жолдары

Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі негізділері:

  • оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
  • бөлімшелер қызметкерлерінің саны;
  • жабдықтардың қуаты;
  • өндірістік қорлардың құны;
  • өнім шығару көлемі;
  • мамандандыру және механикаландыру;
  • күрделі қаржының құрылымы.

Кәсіпорынның құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдау өндірістің «осал жерлерін» ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік туғызады.

Келтірілген бірқатар көрсеткіштерді пайдалану цехқа қатысты кәсіпорынның үдемелі құрылымын анықтайтын кейбір өндірістік бөлімшелердің арақатынасын анықтайды. Кәсіпорын құрылымындағы негізгі цехтар, дайын өнімді шығарумен байланысты, негізгі операцияларды орындауды қамтамасыз ететін құрылымның тиімділігін көрсетеді. Сонымен, нақтылы көрсеткіштерді салыстыру арқылы басқару құрылымын сипаттайтын нормативтік немесе алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қол жеткен табыстарын өндіріске енгізуді қажет етеді. Мұндай салыстырмалы тәсілдермен олардың одан әрі жетілдіру жолдарын анықтайды.

Салалық құрылымдарды жетілдіру көзінің бірі – бұл өндірістік бірлестіктер құру. Оның түрлі үлгілері әр түрлі құрылымдарды алдын ала анықтайды. Дегенмен, қағида бойынша, өндірістік бірлестіктерде ғылыми-зерттеу лабораториялары, жобалау-конструкторлық бюролар, жабдықтар, өткізу қызметтері, көмекші шаруашылықтар орталықтандырылады.

Өндіріспен қатар ғылыми- өндірістік бірлестіктер құрылады. Оларды құрудың басты мақсаты – машиналардың, жабдықтардың, приборлардың, материалдардың және басқа да өндірістік бұйымдардың үдемелі технологиялық процестерінің жаңа үлгілері таңдамаларының техникалық деңгейлігін арттыру. Сөйтіп, олардың негізінде саладағы ғылыми-техникалық прогресті жеделдету болып табылады.

Ғылыми-өндірістік бірлестіктер бірыңғай ғылыми-өндірістік және шаруашылық кешені болып саналады. Оның құрамына тәжірибелі үлгілер шығару, жұмыспен қамту және жаңа өнімнің бірінші тобын немесе тәжірибе-өнеркәсіп үлгілерін жаңа техникамен шығаруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жобалау-конструкторлық және технологиялық ұйымдар, эксперименттік зауыттар (фабрикалар), іске қосуды реттеушілер және т.б. қосылады.

Ғылыми-өндірістік бірлестіктердің құрылуы ғылым мен өндірістің қосылу нысаны ретінде ең алдымен ондай кәсіпорын салаларда жүргізілетін, сөйтіп, олардың дамуы көпшілігінде халық шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қарқынына байланысты болады.

Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары.

Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлуетті мүмкіндіктері олардың

өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс-әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының өндірістік-техникалық параметрлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ анықтауға болады деген қорытындыға келісуге болмайды.

Сонымен, өндірістік қуат экономикалық санаты ретінде ең көп өнімді шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері – машиналар және жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарын қамтиды. Өндірістік қуаттың мәні толық ашылады, егер де оны еңбек құралдарының ұйымдасқан жиынтығының бернесі ретінде қаралатын болса.

Барлық жағдайлары бірдей кәсіпорындарда өндірістік қуатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:

  • нақты жағдайларда ең жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін машиналар, техникалар және жабдықтарды таңдап алу;
  • қажетті құрал-жабдықтардың қолайлы құрамын табу.

Қазіргі кезде қандай да болмасын жұмыстарды өнімділігі жоғары техниканың жаңа түрлерін қолданбайынша сапалы орындауға болмайды. Сондықтан белгіленген жұмыс бағдарламасын әрі сапалы, әрі өз уақытысында орындалуын қамтамасыз еткен жөн.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын пайдалануды ұйымдастыру және қалыптастыру процестері күрделі және көптеген факторларға тәуелді. Өндірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервтерді көбейту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын пайдалануды жақсартуды іздестіру міндетін қояды. Сондықтан да, қолданыстағы кәсіпорынның өндірістік қуатын және оны пайдаланудың мөлшер деңгейін анықтауға негіз болатын факторлар шеңберін анықтауды қажет етеді. Бұл шарттасқан 2 фактор ықпал ететін бірыңғай объект – кәсіпорынның өндірістік қуаты (бөлімшелері).

Бұлардың арасындағы айырмашылық – факторлардың бір бөлігі өндірістік қуаттың өсу резервін, ал екінші бөлігі – оны пайдалануды жақсарту резервін анықтайды.

Кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануға ықпал ететін факторлар сыныптамасы.

Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал ететін факторлар

Өндірістік қуатты пайдалануға ықпал ететін факторлар

  • Машиналар саны (жұмыс орны) және олардың техникалық деңгейі
  • Өндіріс алаңдарының мөлшері
  • Машиналар топтары арасындағы өткізу мүмкіндігінің үйлесімдік деңгейі
  • Үйлесімді технология
  • Механикаландыру және автоматтандыру
  • Материалдардың сапалылығы, бұйымдарды жетілдірудің конструкциясы, стандарттау және сәйкестендіру дәрежесін арттыру
  • Жұмысшылардың техникаларды игеру дәрежесі
  • Өнімді қажетсіну
  • Кәсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтау
  • Жаңа қуаттарды кешенді түрде іске асыру
  • Энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілуі
  • Жабдық жиынтығының құрылымы
  • Жабдықтардың жөндеуде тұрғандағы нормативтен тыс бос тұруы
  • Жабдықтардың ауысымдық жұмысының артуы
  • Өндірістік қызмет етуді ұйымдастыру
  • Өндірісті және жабдықтарды жүктемелеуді жоспарлауды жетілдіру дәрежесі
  • Еңбекті ұйымдастыру және оны ынталандыру
  • Қуаттарды пайдаланудағы кооперациялауды ұйымдастыру