Гисталогия даму тарихы

Реферат

Гистология (грек тілінен histos-тін, logos-ілім, ғылым) – жануарлар организмінің жасушаларының, тіндерінің және мүшелерінің дамуы, құрылысы және қызметтері туралы ғылым. Гистология өзінің бастапқы тайыз мағынасында тіндерінің құрылысы және қызметтері туралы ғылым болып табылды. Қазіргі заманға сай кең мағынасында гистология ғылым және оқу пәні ретінде жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес және бірнеше тараулардан тұрады.

  1. Гистологиялық және микроскопиялық техника гистологиялық препараттарды дайындау тәсілдерін және оларды микроскоптау әдістерін зерттейді.
  2. Цитология организмнің әр-түрлі жасушаларының дамуын, құрылысын және қызметтерін зерттейді.
  3. Эмбриология жануарлар организмінің эмбрионалдық дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
  4. Жалпы гистология организмінің тіндерінің даму көзін, құрылысын, қызметтерін және реактивтік өзгерістерін зерттейді.
  5. Жүйелік гистология жануарлар организмінің мүшелерінің даму көзін, эмбрионалдық даму барысын, құрылысын және қызметтерін зерттейді.

Гистология, цитология және эмбриология морфологиялық ғылымдарға жатады. Жасушалардың, тіндердің және мүшелердің қызметтерін зерттейтін физиологиялық профильдегі ғылымдардан айырмашылығы, бұл ғылымдар организмнің құрылысының (морфологиясының) заңдылықтарын зерттейді. Бірақ, бұлай бөлінулері шартты түрде ғана. Егер, бұрын гистология барлық морфологиялық ілімдер сияқты тек түсіндірмелі түрде болса, қазіргі кезде жасушалардың, тіндердің және мүшелердің құрылысын ғана емес, қызметтерінің құрылымдық қамтамасыз етілуі туралы түсініктеме алу үшін кеңінен қазіргі заманға сай морфофункционалдық әдістерді қолданады.

Гистология, цитология және эмбриология фундаментальды биологиялық пәндерге жатады, яғни басқа медико-биологиялық пәндерді оқудың негізі болып табылады. Мұнда олардың теориялық маңызы жатыр. Сонымен қатар, бұл пәндердің іс жүзінде қолдану маңызы да зор. Қазіргі кезде әртүрлі мамандық дәрігерлерге гистологияқ зерттеулерсіз қиынға түседі. Бұдан басқа, гистологиялық зерттеу әдістері негізгі болып табылатын – патогистология мен патологиялық анатомия дәрігерлер мамандығы бар. Патологоанатом дәрігері тіндер мен мүшелердің қалыпты құрылысын білмей олардағы патологиялық өзгерістерді анықтай алмайды. Сонымен, гистология патологиялық анатомия үшін ғылыми-практикалық негізді қалайды.

Гистология медико-биологиялық профильдің басқада фундаментальды ғылымдарымен тығыз байланысты: биология, қалыпты анатомия, қалыпты физиология, биологиялық химия және патологиялық физиологиямен. Гистологиялық техника химиялық пәндердің біліміне негізделсе, микроскопиялық техника — физиканың оптика (жарықтық микроскоптау) және элементарлық бөлшектердің физикасы (электрондық микроскопия) тарауларының біліміне негізделген. Бұл ілімдер бірігіп медицинаның теориялық негізін құрайды.

7 стр., 3382 слов

Ғылым философиясы

... қ танып-білу үш саланы қамтиды: 1) ғылыми қызметтің ішкі құрылымы, немесе әлеуметтік институт ретіндегі ғылыми қызмет шеңберіндегі қоғамдық қатынастар; 2) ғылым және ... ретінде түсіну ғылым социологиясының пәнін анықтайды. Ғылым со-циологиясы ғылымдағы қоғамдық қатынастар және ғылым мен қоғам арасындағы қатынастар жүйесін зерттейді. Ғылымды социологиялы ...

Гистологияның негізгі міндеттері:

  1. Пәннің жалпы теориясын дайындау.
  2. Тұтас организмнің жасушаларының, тіндерінің және мүшелерінің микроскопиялық, ультрамикроскопиялық құрылысын және гистогенез, органогенез, системогенез механизмдерін әрі қарай зерттеу.
  3. Тіндік гомеостаз және оны реттеу механизмдерін анықтау (жүйкелік, эндокриндік, иммундық, кейлондық).

  4. Жасушалардың, тіндердің, мүшелердің және тұтас организмнің сыртқы ортаның факторларының өзгеруіне беретін реакцияларының заңдылықтарын зерттеу.
  5. Тіндердің, мүшелердің физиологиялық және репаративтік қалпына келу мәселелерін жетілдіру.
  6. Жасушалық детерминация мен дифференцировка механизмдерін, жасушалар мен тіндердің ісіктік трансформациясының гистогенетикалық аспектілерін, жалпы патологиялық реакциялардың жасушалық механизмдерін зерттеу.
  7. Жасушалардың, тіндердің және мүшелердің жасқа байланысты өзгерістерін зерттеу.
  8. Адам эмбриогенезінің ерекшеліктерін зерттеу.

Организмді микроскопиялық зерттеудің бірнеше деңгейлерін ажыратады:

  1. Субжасушалық деңгей — электронды микроскоптың көмегімен жасушалардың және олардың органеллаларының нәзік ультрамикроскопиялық құрылысын зерттеу.
  2. Жасушалық деңгей – жарықтық микроскоптың көмегімен жасушалардың құрылысын және әртүрлі әсерлерге беретін жауаптарын зерттеу.

Бұл екі деңгей цитология пәнін құрайды.

  1. Тіндік деңгей – организмнің тіндік жүйелерінің құрылысын, қызметін және дамуын зерттеу. Олар жалпы гистология тарауының негізі болып табылады.
  2. Мүшелік деңгей – организмнің әртүрлі мүшелерінің микроскопиялық құрылысын зерттейтін жүйелік гистологияның немесе микроскопиялық анатомияның негізін құрайды.

Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы.

Гистология, цитология және эмбриологияның даму барысында үш кезеңді ажыратуға болады: микроскопка дейінгі, микроскоптық және қазіргі заманғы, электрондымикроскопиялық кезең.

Микроскопка дейінгі кезең біздің эрамызға дейінгі IY ғасырмен XYII ғасыр аралығын алады. Бұл кезең организм тіндерінің жалпы, болжалды түсініктерімен сипатталады. Ол түсініктер тіндердің сырт көрінісіне, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына негізделді. Гистология ғылым ретінде жарықтық микроскоп ашылғаннан кейін ғана дамыды (жарықтық микроскоп кезеңі XYII ғасырдан XX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды).

Алғашқы микроскопты ашуға әрекет жасаған1609-1610 жж. Г. Галилей болды. Микроскопты тұңғыш рет ашушылырдың бірі К. Дреббель (1619ж.) болды. Ағайынды Янсендер, кейін Р. Гук микроскопты жетілдірді. Р. Гук оның көмегімен өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылысын зерттей бастады. 1677ж. А. Левенгук 300 есе үлкейтіп көрсететін микроскоп ашты. Ол оған қан жасушаларын, олардың жылжуын, сперматозоидтарды және т.б. биологиялық құрылымдарды зерттеуге көмектесті.

XYII ғасырда Голландия мен Россияда алғашқы ахроматиялық микроскоптар ашылды. Бұл микроскопиялық техника мен гистологияның ілгері дамуына септесті. Гистологияның қарқынды алға дамуына 1801ж. француз анатомы К. Биштың ұсынған тіндердің жіктелуі түрткі болды, ол оның макроскопиялық (анатомиялық) зерттеулеріне негізделген. 1819ж. оның шәкірті К. Майер “гистология” терминін енгізді. XIX ғасырдың 20-30 жылдары Я. Пуркине, П. Горянинов, Т. Шванн және М. Шлейденнің жасушалар мен тіндердің құрылысы және дамуы туралы қөлемді метериалдары болды. 1825-1827жж. Я. Пуркине өсімдік жасушасының ядросына сипаттама берсе, 1836-1837жж. Г. Валентин – жанурлар жасушасының ядросы мен ядрошығынна сипаттама берді.

11 стр., 5426 слов

Сандық технология негізінде жергілікті қалалық байланыс жүйелерін ...

... ҚОРЫТЫНДЫ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ҚОСЫМШАЛАР РЕФЕРАТ Бұл битиру жумысыны негизгі миндети - технология сандық негизинде жергиликти қалалык байланыс жуелерин жзеге а сырудый мүмкиндиктерин зерттеу. Бул шин телефон баиланисын ... мәліметтер коммутациясы принципін (импульсті кодты модуляция) қолдану нәтижесінде мүмкін болды. Сандық жүйе негізіндегі коммутацияның техникалық жаңа түрлерін жасаудың мақсаты ...

1839 ж. неміс ғалымы Т. Шванн жинақталған мәліметтерді біріктіріп жасушалық теорияны ашты. Ол өсімдіктер мен жанурлар жасушаларының құрылысы бойынша бірдей екенін дәлдеп, табиғат білімі мен гистологияның дамуына маңызы зор болды. Т. Шванн жасушалық теориянының негізгі қағидаларын «Жануарлар мен өсімдіктердің өсуі мен құрылымының сәйкестігін микроскопиялық зерттеу» атты монографиясында баяндады. Кейін жасушалық теорияны австриялық ғалым А. Келикер эмбрионалдық дамудың ерте сатыларына қолданды. 1841-1844жж. ол жұмыртқа жасушалары мен сперматозойдтар жасушаларға жататынын көрсетті. Сонымен қатар, ұрықтанған аналық жыныс жасушасының бөлшектенуі барысында пайда болатын организм де жасушалардан тұрады.

Жасуша көпжасушалы жануарлардың құрамында жеке өмір сүрмей тіндердің құрылымдық бірлігі болатыны XIX ғасырдың екінші жартысында жалпыға мәлім болды. Осы уақытта тіндердің соңғы жіктелуін ашуға мүмкіндіктер жасалынады. Ф. Лейдиг (1853) және А. Келикер (1855) жинақталған материалдарды жүйелендіріп, сол кезеңге дейінгі белгілі барлық тіндерді (21) 4 топқа біріктірді. Бірақ, жануарлардың тіндік құрылысының заңдылықтарын түсіну үшін фактілік материалдар қажет болды. Ол XIX ғасырдың екінші жартысында микроскоптардың жаңа конструкциялары пайда болған соң ғана мүмкін болды. Онымен қатар гистологиялық техника да дамыды. Оған атақты чех физиологы, гистологы және микроскописті Я. Пуркиненің қосқан үлесі зор. Сонымен қатар, Я. Пуркине алғашқы микротомды да ашқан. Оның нәтижесінде XIX ғасырда жасушалардың, тіндердің және мүшелердің құрылысы туралы жаңа деректер алынды.

1852ж. Р. Ремак амитоздың сипаттамасын берді. Р. Вирхов жасушалық теорияны толықтырып, жасушалық патологияның элементтерін ашты. 1861ж. М. Шульце алғаш рет жасушаның анықтамасын берді. 1871-1879жж. өсімдік (И.Д. Чистяков) және жануарлар (П.И. Перемежко, В. Флеминг) жасушалары митозының сипаттамасы берілді және оның дәйектілігі зерттелді. 1884ж. О. Гертвиг және Э. Страсбургер тұқым қуалаушылықтың материалды негізі хроматин екендігі туралы гипотезаны айтты. 1875-1876жж. О. Гертвиг пен Е. ван Бенеден жасушалық орталықты, 1898ж. неміс ғалымы Р. Альтман митохондрияларды, ал 1899ж. К. Гольджи жасушаішілік торлы аппаратты ашты.

XIX ғасырдың соңында тіндер мен мүшелердің микроскопиялық сипаттамасы толығымен беріліп, микроскопиялық анатомия қалыптасты. Күміс тұздарымен жүйкелік элементтерді импрегнациялау әдісі ашылуының арқасында — жүйке жүйесі зерттелді. Оны зерттеуге С. Рамон-және-Кахальдің, К. Гольджидің, А.С. Догельдің және Б.И. Лаврентьевтің қосқан үлестері зор. Осы және басқа да ғалымдардың атсалысуымен нейрондық теория қалыптастырылды.

Бұл уақытта гистологияның дамуына орыс ғалымдары да өз үлестерін қосты. А.И. Бабухин бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметін зерттеді. А.С. Догель, М.Д. Лавдовский, А.Н. Миславский орталық және шеткері жүйке жүйесін зерттеді. А.О. Ковалевский және И.И. Мечников эволюция барысында тіндердің қалыптасуын зерттеп, эволюциалық гистологияның негізін қалады. И.И. Мечниковтың қалыптастырған фагоцитоздық теориясының маңызы зор болды, өйткені ол жасушалар мен тіндердің өмір сүруінің көптеген жалпы сұрақтарына түсініктеме берді. Оны ашқаны үшін И.И. Мечников Нобель сыйлығына ие болды.

5 стр., 2120 слов

Айнымалы ток туралы

... П.Н.Яблочков ұсынды. Айнымалы ток Яблочков шырағындағы көмірдің біркелкі жануын қамтамасыз етті және шамдардың бір электр энергия көзінен қоректенуіне жол ашты. Электр энергиясыны ... электр энергиясын үш фазалы токпен 175 км қашықтыққа жеткізуді іске асырды. Айнымалы токты электр энергиясы саласында кеңінен пайдалану шоғырланған түрде ...

XX ғасырдың басында гистология салыстырмалы және тәжірибелік жұмыстармен біртіндеп толықтырыла түсті. Эволюциялық гистологияның дамуына А.А. Заварзиннің қосқан үлесі зор, ол алғаш рет тіндердің эволюциялық теориясын ашты. Бунақ аяқтылар мен омыртқалылардың көптеген тіндерінің құрылысындағы ұқсастықтарды анықтаған соң, А.А. Заварзин барлық жануарларда тіндердің төрт жүйеге бөлінуі олардың сыртқы ортамен байланысына бағынышты деген тұжырым жасады. Сонымен тіндік жүйелер 4 неғұрлым жалпы қызметтерді атқарады: 1) қорғаныш немесе сыртқы ортамен зат алмасу; 2) ішкі ортамен зат алмасу немесе ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау; 3) қимылдау; 4) реактивтілік. А.А. Заварзиннің тіндердің эволюциялық теориясы тіндердің параллельді даму теориясы деп аталды. Бұл теорияға байланысты әртүрлі типті жануарлардың тіндік құрылысының принципі бір және төрт тіндік жүйеден тұрады.

Тіндердің эволюциясымен байланысты мәселелердің теориялық шешімін Н.Г. Хлопин өз жұмысында жетілдіре түсті. Ол тіндердің дивергентті эволюциясы теориясын ашты. Бұл теорияда тіндердің эволюциялық дамуы барысында олардың эволюциясы белгілерде айырмашылықтардың пайда болуымен өтеді делінген, яғни, дивергентті. Бұл тіндердің түрлерінің көбеюіне әкеледі.

XX ғасырдың басында гистологияның дамуына А.А. Максимовтың қосқан үлесі зор. Оның қанжасаушы және дәнекер тіндерінің гистогенезіне арналған еңбектері өзектілігін қазіргі кезде де жойған жоқ. А.А. Максимов қанжасаудың унитарлық теориясын ашты, лимфоциттердің бласттрансформациясының реакциясына, алғашқы болып қанның дің жасушасының морфологиясына сипаттама берді. Оның гистология бойынша шығарған нұсқаулары осы уақытқа дейін өзектклігін жойған жоқ.

XX ғасырдың 50-ші жылдарына дейін гистологияда баяндаушы, эволюциялық және тәжірибелік тәсілдерді дайындау жалғастырылды. Гистологияның ілгері дамуына неміс ғалымдарының (Е. Руска, М. Кнолль, Б. Боррне) электронды микроскопты (1928-1931жж.) ашуы және оны гистологиялық зерттеулерде қолдануы (40-шы жылдардың соңы – 50-ші жылдардың басы) әсерін тигізді. Осы кезден бастап гистологияда – электрондымикроскопиялық кезең басталды. Қысқа мерзімнің ішінде жасушаның құрылысы ультрақұрылымдық деңгейде зерттелді. 1954ж. А. Родин пероксисомаларды ашты. 1955ж. екі ірі ғылыми жаңалықтың ашылуымен сипатталады: Г. Паладе рибосомалар мен эндоплазмалық торды, К. де Дюв лизосомаларды ашты. 60-шы жылдардың басына қарай сол кезеңге дейін белгісіз болған органеллалардың барлығы ашылды, сонымен қатар, жарықтық микроскоптық деңгейде белгілі болған органеллалардың нәзік құрылымы анықталды. 60-80 жылдары электронды гистохимия мен электронды ауторадиография әдістері дамыды. Осы уақытқа қарай барлық жасушалардың, тіндердің және мүшелердің электрондымикроскопиялық сипаттамасы аяқталады. Гистологиялық зерттеулерге ультрқұрылымдарды үлкейтіп көрсететін сканерлік электрондық микроскопия енгізіледі.

Гистологиялық зерттеулерге электронды микроскоптың енуімен қатар жарықтық микроскопия әдістерінің жетілдірілуі жалғасады. Тіндерде және жасушаларда анықталған заттарға флуоресцентті бояулармен таңбаланған немесе моноклональды антителолардың ферменттерін қолдануға негізделген иммуноцитохимиялық және иммуногистохимиялық әдістер ашылады. Бұл әдістердің көмегімен әртүрлі типті жасушаларды, гормон және әртүрлі биологиялық белсенді заттарды бөлуші, жасушалық рецепторларды, секреторлық және биосинтетикалық процестерді дәлірек ажыратуға болады. Кейінірек иммуноцито- және гистохимия принциптері электронды микроскопияда да қолданылды. Сонымен қатар, таңбаланған антителолар ретінде коллоидты алтын мен ферритинді қолдана бастады. Рецепторлардың орналасуы, жасушалардың бөлінуінің заңдылықтары, жасушалардағы макромолекулалардың синтезі мен секрециясы туралы деректерді алуға көмектесетін жарықтық және электрондық авторадиография әдістері кеңінен қолданыла бастады. Бұл әдістер морфофункционалдық, синтетикалық болғандықтан, гистологияның дамуының үшінші кезеңін синтетикалық кезең деп атауға болады.

6 стр., 2829 слов

Тұрмыстық техника дүкені

... әне локальдық желіге арналған арнайы техника, дүние жүзілік желілерге қосылу, регистрация б ... пайдалану. Онда: 1)технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер; 2)Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ... құрайды. Мәліметтер қоры деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір ... жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. ...

Жоспары:

1.Кіріспе.

Гистология.

2.Гистологияның негізгі міндеттері.

3.Организмді микроскопиялық зерттеудің деңгейлері .

4.Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы.

5.Гистологияның Қазақстанда дамуы

6.Қорытынды.