Подборка по базе: , финансовое право реферат.docx , 6 реферат.docx , История Сталин реферат.doc , ГОМЕОСТАЗ наш реферат.docx , МОЙ РЕФЕРАТ.docx , ОК РЕФЕРАТ 3.docx , Жанасхан Досымбек реферат..docx , бж реферат.docx , Инфраструктура страхового рынка. Реферат.docx
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Генератор қорғанысы
Орындаған:Жансерікқызы Ақнұр
Тобы:ЭЭ-17-1
Қабылдаған:Құрманбаев Ғ.
2020-2021 оқу жылы
Генераторлар қорғанысы
Генератордың сыртқы бейнесі
Генераторлар жұмыстарының бүлінулері мен ненормальды режимдері.
Генератор бүлінулерінің түрлері: Генетордағы көптеген бүлінулер оқшауламаның ескіруі, онда дефектілердің пайда болуы, асқын кернеудің болуы, механикалық бүлінулердің пайда болуы нәтижесінде, мысалыға орама серіппесінің дірілі кесірінен статор және ротор орамасының оқшауламасының бұзылуы нәтижесінде болады.
Статордағы бүлінулер., Ротордағы бүлінулер.
Ротор орамсының бір нүктеде корпусқа тұйықталуы қауіпті емес. Өйткені тұйықталу жерінде тоқ өте аз және генератордың нормалық жұмысы бұзылмайды. Бірақ мұнымен қоса қоздыру тізбегінің екінші нүктесінде корпусқа басқа тұйықталу болса, генератордың авариялық режим үшін қауіптіліктің пайда болу ықтималдығы жоғарлайды. Екі тұйықталу болған жағдайда ротор орамасының орамдарының бір бөлігі шунтталады; ротордың кедергісі бұл кезде кемиді, орама бүліну жерінде қираулар көбеюін және ротор орамасының оқшаулануының жануын болдыратын үлкен тоқ пайда болады. Одан бөлек статор және ротор арасындағы ауалық саңылаудағы магнит ағынының симметриясының бұзылуы кесірінен ротор орамасының орамдарының бір бөлігінде шартты тұйықталу мен генеторға қауіпті, күшті діріл пайда болады. Үлкен әрі қауіпті діріл анық полюсті роторлары бар гидрогенераторлар мен синхронды компенсаторларды екеуілік жерге тұйықталу кезінде пайда болады.
Двигатель реферат казакша
... станциялардан басқа тек техникалық функцияларды орындайтын бөлгіш пункттер болады. Оларға қарама-қарсы пойыздардың қиылысуы бола-тын бір ... жолаушы, жүктік. Аралық станциялар ең минималды жол құрлымы болады ( басынан басқа екі-үш станциялық жол); жолаушыларға ... ндірістік орта-лықтары, негізгі ағындардың қиылысу және тармақталу нүктелері жатады. Олардың негізгі қызметіне станциядан өтетін барлық ...
Ненормальдық режимдер.
I к › I ном.г
Бүлінген элементтің мұндай қ.т –ры РҚ-пен жойылады және генератор үшін қауіпті болмайды. Бірақ бұл элементтің РҚ. немесе ажыратқышы істен шыққан жайдағда генератордағы тоқ орамаларды қыздырып ұзақ өтуі мүмкін. Бұл орамалардың бүлінулеріне әкеп соқтырады. Генераторда бұл жағдайды алдын ала ескерту үшін онда РҚ қарастырылуы тиіс. Бұл РҚ жұйесі сыртқы қысқа тұйықталуларға әсер беруі және аралық элементтердің ажыратқыштарының істен шығуын резервті түрде қадағалауы тиіс. Асқын жүктеме, сол сияқты генератор орамаларындағы жүктеме тоғының артуы, яғни номинальды мәнінен жоғары болса, I г ›I ном дәл сыртқы қт сияқты орамалардың қызып кетуіне және оқшаулама бұзылуына әкеп соқтырады. Егерде оқшаулама үшін қауіпті шекті темтературадан Тдоп асып кетсе, қосалқы салқындатқышы бар генератор үшін шекті уақыт келесі формула бойынша анықталады.
t доп =150/ (к1 -1)
мұндағы к 1 I ном жүктеме тоқ еселігі (кратность).
Өлшемдері мен массаларының шектеулігін, сирек кездесетін материалдарын шығыны азайту және бағасының арзандауы үшін 63Мвт және оданда жоғары қуатты генераторлар машина магнит өткізгішінде жоғарылатылған магнит индукциясы арқылы орындалады. Статор және ротор орамаларында жоғарғы тоқ тығыздығы арқылы, төмендетілген термиттік запастар арқылы және орамаларды аса интенсивті жүйеде салқындату арқылы орындалады. Отанымыздың зауыттары ормаларды салқындату жүйесіне байланысты келесі типтегі генераторларды шығарады: сутекті роторлы- ТВФ типті, сутекті роторлы және статорлы –ТТВ-200 және ТГВ-300 типті, сумен статор, ал сутекті роторлы –ТВВ және ТГВ-200М типті; Майлы статорлы, ал сулы роторлы-ТВМ ; сулы статорлы және роторлы-ТГВ -500 және ТГВ-800 типті.
Негізгі салқындатқышты генераторлар статорында асқын жүктеме 30% дейін, ал қосалқы салқындатқыш генератор статорында 50% дейінгі асқын жүктелу 2 және одан да көп минутқа дейін созылады, сондықтан мұндай жүктеме кезін тез арада автоматты түрде генераторды сөндірудің қажеті жоқ. Көптеген жағдайларда жүктелулер өздеріне берілген уақыт ішінде t доп жойылып кетеді. Энергожүйеде генераторлық қуаттың жетіспеуіне байланысты авария болған жағдайда автоматты немесе жай түрде оперативті персонал асқын жүктелген генераторларды қалпына келтіру жөнінде шараларды іске асырады. Генератор фазаларындағы симметриялықтоқтар генетордан тыс екі және бірфазалық қ.т кезінде генраторды жүктемемен байланыстырып, тұратын бір немесе екі фаза тізбектерінің үзілуі кезінде және желіде толық емес фазалық режимдік жұмысы кезінде пайда болады. Статордың симметриялық емес тоғы ротордың толықтай және қосымша қызуына және машинаның механикалық діріліне әкеп соқтырады. Симметриялы емес тоқ статор орамасында ОП I2 тоқтарының пайда болуымен іске асырылады. Бұл топтар ротор айналуының бағытына қарам-қарсы бағытта айналатын магнит өрісіні тудырады. Осының нәтижесінде I2 тоқтарымен пайда болған магнит ағыны ротор корпусын екі еселік жиілікпен кесіп өтеді.
Симметриялық емес тоқтары әсіресе қазіргі ірі турбо және гидрогенераторларға қауіпті, егер ол генераторлардың жылу запасы төмен болса. Көрсетілген симметриялық емес тоғы I 2 5 % шамасын құрайды, соған сәйкес Iмон 10 % құрайды. Бұл мәндер максимальды ұзақ мүмкін тоқтар болып табылады I2 тахд .
Аккумуляторные батареи и генераторы
... поэтому площадь рабочей поверхности, соприкасающейся с электролитом, увеличивается, и в результате возрастает емкость аккумулятора. Для увеличения срока службы положительных пластин активную массу ... из внутренней полости каждого аккумулятора. Нагревательные элементы соединены параллельно и подключены через термовыключатель к двум зажимам колодки , закрепленной на наружной стенке бака. При ...
Тоқ I 2 › I2 тахд болғанда ротордың қауіпті қосымша қыздырылуына әкеп соқтырады. Оның мәні ротор орамасының оқшауламасы үшін және оның қыздыру көбірек зақымданған жекелеген элементтері үшін шекті Т пред температурамен анықталады.
t доп = А /I2 2 *
мұндағы I 2 * (кратность) орташа аралығында tдоп әсерге келу тоғымен генератордың номинальды тоғынан қатынасына тең қысқалық А- жылулық тұрақты шама. ол генератор типіне байланысты болады. Қосалқы салқындатқышты генераторларда және роторды қыздыру жағынан (1және 2 қисық) үлкен запастарда мүмкін болатын уақыт барынша үлкен және олар үшін мынадай тоқ мәнінде I2 › 0,5 I ном.г автоматты түрде ажыратылуы тиіс. Кернеудің жоғарлауы генраторда аяқ асты жүктемені түсіруден болады, өйткені бұл жағдайда статордың магнит ағыны жоғалып, жүктемеден арылған машинаның айналу жиілігі ұлғаяды. Турбогенераторларда ережеге сай кернеудің жоғарылауы аса қауіпті мәндерге жетпейді, өйткені олар жылдамдық және қоздыру реттегіштері арқылы ретке келтіріліп отырады. Сонымен қатар генратордың бос жүрісі кезінде автоматты қоздыру реттегіші істен шыққанда турбогенетаторға қауіпті жағдай статор орамасының кернеунің жоғарылауы болуы мүмкін. Осындай жағдайларды болдырмас үшін турбогенраторларда өрісті өшіруге әсері бар арнайы РҚ қарастырылған.
Гидрогенераторлардағы жылдамдық реттегіштер баяу әсерге келеді. Соның нәтижесінде жүктемені түсіргенде агрегаттың айналу жиілігі күрт ұлғаяды. Және 40-60% дейін наминальды деңгейінен асады, ал генратор кернеуі 150 % дейін наминальды деңгейіне көтерілуі мүмкін. Сондықтан барлық гидрогенераторларда кернгеу жоғарылауынан қорғайтын қоздыруды алатын немесе генераторды сөндіруге арналған РҚ қарастырылады.
Асинхрондық режим желіден едәуір реактивті тоқты пайдаланумен, генратор қысқыштарында кернеудің түсуімен, ротордың айналу жиілігінен өсуімен жалпы алғанда тербеліс кезінде қатар жүреді. Турбогенераторлар асинхранды генраторлар тәрізді асинхронды режимде едәуір сырғанаумен жұмыс істей алады, тек активті жүктеме аздау болу керек. Тоқтың жоғарғы мәніне байланысты генратордың асинхронды режимдегі жұмысы уақытбойынша оның құрылысы және термиттік мінездмесіне қатысты шектеулі болады.
Генератор асинхронды режимге өткен кезде АГП-ны өшірген жөн, сонда ротор орамасы сөндіру кедергісіне және статор қысқыштарында кернеудің кемуіне, ротор орамасында асқын кернеудің түсінуіне әкеледі. Статордың кернеуінің түсуі электрқозғалтқыштар мен механизмдердің жұмысын бұзуы мүмкін, сондықтан механизмдердің өзімізге керектілерін энергоблокқа керек көзін ауыстырып отырған жөн. Бірақта оның генераторы асинхронды режимде резервті қорек көзіне жұмыс істеуі тиіс.
Қуаты 500Мвт-қа дейінгі барлық турбогенераторлар үшін (ұзақтығы15 минутқа дейінгі) аз уақыттың асинхронды режим беріледі. Асинхронды режимді генератордың кезекті қоздыруын қайта қалпына келтіру мен жұмыста сақтап қалуға болады. Бірақ көптеген жағдайларда асинхромдық режим берілген энергия жүйеде реактивтік қуаттың жетіспеуінен мүмкін емес болады. Бұл жағдайда генератор ажыратылуы тиіс. Қуаты 800 Мвт және одан да көп турбогенратор үшін сол сияқты гидрогенратор үшін әсіресе анық полюсті роторлыға асинхронды режим мүмкін емес. Өйткені ол тоқтың үлкен соққыларымен және ұзақ өшпейтін тербелістермен қатар жүреді.
Новые современные типы генераторов – : — BestReferat.ru
... полюсов, образует северные и южные полюсы на роторе новые современные типы генераторов реферат. Ток в обмотке возбуждения подводится через щетки 8 рис. ... наводимую в якоре, что вызывает дальнейшее возрастание тока возбуждения. Новые современные типы генераторов реферат — Реферат: Генераторы переменного тока Трехфазные позволяют напрямую снабжать электроэнергией крупные промышленные ...
Генератор қорғанысына қойылатын жалпы талаптар:
генераторларда ішкі бұзылулардан сақтайтын және қауіпті ненормальды режимдерден, әсіресе генратордың бұзылуына әкеп соқтыратын режимдерден қорғайтын РҚ орнатылады. Генрератор жұмысын бірден сөндіруді талап етпейтін ненормальды режимдер кезінде, ережеге сай РҚ сигналға әсер беру керек. Ал бұл сигналды көрген кезекші генераторды бірден сөндірмей ненормальды режимді жоюдың жолдарын қарастырып, іске асыруы тиіс. Ненормальды режимді жоя алмай, оның әрі қарай дамуы генератордың бұзылуына әкеп соқтыратын болса, онда генератор автоматты түрде сөндіріледі. Генератордағы бұзылулародың дамуына жол бермеуі үшін РҚ ішкі бүлінулерден генераторды желіден ажырату керек. Ол үшін генераторлық ажыратқышты ажыратып, ротор орамасындағы тоқты тоқтату керек. Жүктемені түсіргенде генератор қысқыштарындағы кернеудің өсуін алдын ала сездіру мақсатында ротор орамасындағы тоқты тоқтату үшін және желіге генератор жіберіп жатқан қысқа тұйықталуын тоқтату үшін сыртқы қысқа тұйықталудан қорғайтын генераторлық ажыратқыш сөндіру керек.
РЗ генераторыны ң шарттары
Селективтілік – бүлінулер мен режимдер кезінде генераторды қорғаныстан ажыратуы керек, яғни генераторды қауіп-қатерден қорғау үшін;
- Тез әрекеттілік – машинадағы бүлінулердің көлемін азайтады және паралель жұмыс жасайтын генератор мен жүйедегі бүлінулердің алдын алады;
- Сезімталдығы – синхронды генератордың барлық түрлеріндегі бүлінулер. Резервті қорғаныстағы аралас элементтеріндегі қысқа тұйықталулар және жұмыссыз кезіндегі аталған элементтердің ажыратқыштарының бүлінулері;
- Қорғаныс жұмысы тек Q ғана емес, АГП құрылғысындағы қысқа тұйықталу тогының тоқталуы, яғни генератордың жеткізілуі.
Бойлық дифференциалды қорғаныс
Көпфазалы статор орамасындағы қ.т. Тогы 1 МВт дейінгі қуаытты генератордың негізгі қорғанысы ретінде қолданылады.
ТА сыртқы шинада және сыртқы нейтралда қондырылады.
Бойлық дифференциалды қорғаныс параметрінің есебі.
Ток қорғанысының жұмысы:
Кейде генератордың қуатына байланысты, ток қорғанысы жұмысының шегіне жетуі.
Сезімталдық қорғанысын тексеру.
Айнымалы ток туралы
... үрде дамыған заман және дамиды да. Айнымалы ток Айнымалы токты пайдалануды ең алғаш рет 1875 жылы ... жиынтығы. Шоғырланған параметрлі электр тізбегі дегеніміз, ол электр тізбегіндегі электр кедергісі, индуктивтілігі ... қойвла бастады. Соның бірі электр энергиясын алыс жерге жеткізу. Бұл мақсатты шешу үшін шамалары ... электрі атты теориясын құрды.Заттың салмағының сақталу және қозғалыс заңдарын ашты. А. ...
Көлденең дифференциалды қорғаныс
1 МВт жоғары қуатты генератордың қысқа тұйықталу орамаларында негізгі қорғаныс ретінде қолданылады. Статор орамасының көпфазалы қысқа тұйықталуында бөліктелген дифференциалды қорғанысын резервтейді.
Бір релелі көлденең дифференциалды қорғаныстың сұлбасы.
Трансформатор тогы статор орамасының параллель 2 нолдік нүктесінде жұлдызша жалғанған.
ZF- жоғары гормоникалы сүзгі. Үш еселі бейтарап тізбекте ағады.
Генератордың статор орамасындағы жерге тұйықталу қорғанысы немесе шығыс қорғанысы.
Генератордың жерге тұйықталу қорғанысы, жұмыс жасаушы жүйесі оқшауланған немесе резонанс арқылы нейтраль жерге тұйықталған.
Жерде тұйықталу қорғанысы бейтарап статордың орамасының кедергiсiнен «жарамсыз белдемдi» 5% жуығы тұйықталуға ие болады.
Нолдік кернеу кезінде бір фазалы жерге тұйықталуда сигнал берілуі.
Генераторлар үшін жерге тұйықталудан қорғау, резистивті-бейтарап тұйықталу желілерінде жұмыс істеу сұлбасы.
Ротор орамасындағы екінші рет жерге тұйықталу қорғанысы.
Ротор орамасындағы жерге тұйықталу кезіндегі кернеудің орналасуы.
А) бір нүктеде; Б) екі нүктеде.
Генератордың екі нүктедегі қоздыру тізбектерінің тұйықталу қорғанысының сұлбасы.
Аралар туралы мәлімет
... тамырлар жүйесі, тыныс алу жүйесін, жыныс жүйесінің, сондай-ақ құрсақ жүйке тізбегі — бөлігі жүйке жүйесі. Құрылыс дененің ә ... қ органдар. Алайда, аралар сақтап түйсік ана, выражающийся қамқорлық туралы потомстве. Онымен бірге оларда пайда болды және қатты развились биологиялық ... олардан бал, погубив отбасына, ол пайдаланған курушкой — кесек құрғақ ағаш гнилушки, ол тлея, берді көп түтін. Ыңғайлы болуы ...
А) қоздыру тізбегі; Б) оперативті ток тізбегі.
МҚО-ң кернеулік шектеулерін жою.
1. Сыртқы қысқа тұйықталудардан
генераторды аса жоғары токтан қорғайды.
2. 30МВт дейінгі қуатты генераторларда қолданылады.
3. Екі сатылық жүйеде қолданылады.
МҚО-ң кернеулік шектеулерін жою сұлбасы.
А) токтық тізбек; Б)кернеу тізбегі; В) оперативті ток тізбегі.
Кері реттіліктік ток қорғаныс.
2.Сыртқы симметриялы емес қысқа тұйықталудардан
генераторды аса жоғары токтан қорғайды.
А) токтық тізбек; Б)кернеу тізбегі; В) оперативті ток тізбегі.
Генератордың дистанциялы қорғанысы.
1. 60МВт жоғары қуатты генераторларда қолданылады.
2. Сыртқы симметриялы емес қысқа тұйықталудардан
генераторды аса жоғары токтан қорғайды
Генератордың дистанционды қорғаныстың қосу сұлбасы.
Кедергілік қорғаныстың жұмыс істеуі .
Көп фазалы қысқа тұйықталу қорғанысы
Минимальді кернеу қорғанысы.
Қозғалтқыштарды өздiгiнен iске қосу мүмкiн болмайды, егер шинадағы кернеу төмен болмаса:
Кернеу трансформаторлары
... трансформатордың екінші ретті кернеуі болуы үшін бір-бірімен параллель жалғанады. Вольтметр мен өлшеуіш аспаптардың кернеу тізбегінің кедергісі айтарлық ... тұрады.магнит өткізгіштігі бір фазалы, сауытты. Орамалары электр картон беттерінен бір-біріне қабатталып цилиндрге оралып ... орамаларының сұлбасы (б) 18-сурет.НТМК(а), НТМИ(б) сериялы үш фазалы кернеу трансформаторының қосылу сұлбасы және НТМИ ...
Синхронды электрқозғалтқышты синхронизмнен шығып кетуден қорғау.
Синхронды электрқозғалтқышты синхронизмнен шығып кетуден қорғаудың сұлбасы.